Оның айтуынша, қараусыз жүрген малдың жолға шығып кетуі, әсіресе түнде және көріну қашықтығы төмендеген кезде, жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін. Осы қауіптің алдын алу үшін республикалық трассаларда арнайы қоршаулар орнатылып жатыр.
2023 жылы мұндай қоршаулардың ұзындығы 752 шақырым болса, қазір 3 002 шақырымға жеткен.
— Автомобиль жолдарының маңында малды қараусыз жаюға болмайды. Жануарларды жолдан өткізгенде арнайы салынған өткелдерді пайдалану қажет. Жол қауіпсіздігі тек жол қызметтеріне емес, әрбір жүргізуші мен мал иесіне де байланысты, — деді Дархан Иманашев.
Өз кезегінде компания жүргізушілерді жол белгілеріне назар аударып, әсіресе қараңғы уақытта жылдамдықты сақтауға шақырады.
Бұған дейін Қазақстанда қар басу қаупі бар жолдар 400 шақырымға қысқарғаны туралы жазған едік.