Республикалық жолдарда жылдамдық тіркейтін автоматты жүйе орнатылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республикалық маңыздағы жолдарда көліктің орташа қозғалыс қарқыны бойынша жылдамдықты асыру жағдайларын тіркеу жүйесі орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралыорталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ІІМ Полиция аға инспекторыАқтоты Боранова айтты.

«Ендіавтокөліктердің орташа жылдамдығы есептелінеді. Бұл жүйе қазіргі таңда заңменреттелмеген. Сондықтан жол қозғалысын реттейтін нормативтік құжаттарға орташажылдамдық түсінігін енгізу ұсынылып отыр», - деді Полиция аға инспекторы.

Оныңайтуынша, қазір жылдамдықты тіркеу жүйелері тек қала аумақтарында ғанаорнатылған. Бірақ республикалық жолдардағы қозғалыс жылдамдығы реттелмеген.

«Автокөлікпенбелгіленген жерлерде ғана жылдамдықты төмендетіп, одан ары қарай жылдамдықтықайтадан асырып жүру белең алған. Тас жолдарда, республикалық маңызы бар жолдарда А пунктінен Бпунктіне жеткенге дейінгі белгіленген жылдамдықты сақтауды қадағалау үшін осытүсінік енгізілмек. Яғни, көлік иесінің аталмыш қашықтықты қанша уақытта еңсергеніесептелетін болады», - деді Ақтоты Боранова.

ІІМ өкілініңайтуына қарағанда, орташа жылдамдықты белгілеу үшін автокөлік шыққан кезде оныңмемлекеттік белгісі, шыққан уақыты тіркеледі, одан соң Б пунктіне дейінгі жолұзақтығы оның уақытына бөлінеді. Егер автокөлік белгіленген жылдамдықтыасыратын болса немесе белгіленген уақыттан ерте келетін болса, жүйе автоматтытүрде оның жылдамдықты асырып басқарғанын анықтап береді.

«592 баптыңбөліктеріне өзгерістер енгізіліп, орташа жылдамдықты асырғаны үшін де әкімшілікқұқықбұзушылыққа тартылатын болады», - де атап өтті ол сөз соңында.