Республиканың бірқатар өңірінде түнде 0-5 градусқа дейін қатқақ болуы сақталады - 12 қыркүйектегі ауа райы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде бұрынғыша күн ашық болады, елдің батысында, солтүстігінде және шығысында ғана атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейеді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Жамбыл облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді, Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл көтеріледі, желдің күші 15-20 м/с, түнде және таңертең жағалауда тұман түседі. Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі, желдің күші 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде түнде және таңертең тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында түнде 0-5 градусқа дейін қатқақ болуы сақталады.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысының кей жерлерінде, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Таяудағы тәуліктерде Сырдария өзенінде Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысының оңтүстігі шегінде Шардара су қоймасынан су келуінің азаюына байланысты су деңгейі төмендейді. Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы тау өзендерінде гидрологиялық режимде елеулі өзгерістер болмайды.