Рейстер кешігуі мүмкін: Алматы әуежайы жолаушыларға ескерту жасады
18:45, 30 Қаңтар 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда қалың қар жауып жатыр. Ауа райына байланысты қаладан ұшатын рейстер кешігуі мүмкін.
Алматы халықаралық әуежайы ауа райының нашарлауына байланысты әуежайдың өндірістік қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
- Кешігулерді барынша азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданады. Жолаушылардан рейстердің ағымдағы статусын ұшар алдында әуежай мен әуекомпаниялардың ресми сайттарынан тексеруді сұраймыз, - деп хабарлады әуе айлағынан.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдан Мумбайға тікелей рейс ашылғанын жазғанбыз.