Алматыдан Мумбайға тікелей рейс ашылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Биыл 20 сәуірден бастап Алматыдан Мумбайға тікелей рейс ашылады.

самолет
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

Air Astana мәліметінше, Алматы–Мумбай бағытындағы рейстер Airbus ұшақтарымен аптасына үш рет: жексенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Алғашқы рейс Алматыдан 20 сәуір күні 04:30-да ұшып, Мумбайға келесі күні жергілікті уақыт бойынша 09:55-те келіп қонады. Мумбайдан қайтатын рейс 11:00-де ұшып, Алматыға 14:45-те жетеді. Алматыдан Мумбайға дейін ұшу уақыты 4 сағат 50 минут, кері бағытта 4 сағат 20 минут болмақ.

- Рейс 2025 жылғы 20 сәуірден бастап жүзеге асырылады. 2004 жылы Үндістан нарығына шыққаннан бері әуе компаниясы тұрақты түрде қызметін кеңейтуде және қазіргі таңда Алматыдан Дели қаласына аптасына 9 рейс орындап, жаз мезгілінде рейс жиілігі артады, - деп хабарлады әуе компаниядан.

Еске салайық, Ташкент — Нью-Йорк әуе рейсінде сәби дүниеге келгенін жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар