Ташкент — Нью-Йорк әуе рейсінде сәби дүниеге келді

АСТАНА. KAZINFORM — Uzbekistan Airways әуе компаниясының HY101 Ташкент — Нью-Йорк рейсінің бортында ұшу кезінде жолаушылардың бірінде толғақ басталған.

нәресте
Фото: Pexels

Жағдайды бағалаған экипаж командирі дауыстық хабарландыру арқылы ұшақтағы дәрігерлерді көмекке шақырған. Бұл туралы әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Жолаушылар арасында дәрігер-акушер мен хирург табылып, көмекке келген. Біраз уақыттан кейін сәби дүниеге келген. Осыған байланысты экипаж Исландияның Кефлавик қаласындағы резервтік аэродромға шұғыл қону туралы шешім қабылдаған.

Ұшақ сәтті қонғаннан кейін медициналық қызметкерлер бортқа шығып, қажетті көмек көрсеткен. Анасы мен сәби жергілікті емханаға жеткізілген.

Айта кетейік, бұған дейін Ташкентте бір отбасында төртем, 2 ұл 2 қыз дүниеге келгенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар