Режиссерлер конкурсы: 19 киножоба мемлекеттен қаржылық қолдау алады
Отандық кинорежиссерлердің 19 жобасы мемлекеттен қаржыландырылатын болды. Бұл шешім «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ жанындағы Сараптама кеңесінің оң қорытындысы мен Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия ұсынымының негізінде қабылданды, деп хабарлайды Кazinform.
Еске сала кетейік, биылғы питчингке 115 киножоба қатысты. Нәтижесінде 19 өтінім іріктелді, оның ішінде 10 толықметражды ойын фильмдері, 5 деректі, 2 қысқаметражды және 2 анимациялық фильм бар.
Мемлекеттен қаржылық қолдау алатын киножобалар:
Әлеуметтік маңызы бар ойын фильмдері:
- «Капитан Байтасов» к/ф (Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ)
- «Шырмауық» к/ф (Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ)
- «ҚҰТ» к/ф («Фирма Қадам» ЖШС)
- «Игроманка» к/ф («Центр творчества «PROTALENT» ЖШС)
- «RESTART: ШЕКСІЗДІККЕ ДЕЙІН» к/ф («Dala Cinema» ЖШС)
- «Qairat» к/ф («SBA ENTERPRISE» ЖШС)
- «Фейковый арман» к/ф («CentauRus «Rustem Abdrashev production» ЖШС)
- «Перед рассветом» қ/ф («A Films» ЖШС)
- «Күн ұясына батқанда» қ/ф («Serper Production» ЖШС)
Деректі фильмдер:
- «Мы здесь живем» д/ф («Plan B» ЖК)
- «Біздің заманымызға дейін» д/ф («Фирма Қадам» ЖШС)
- «Соңғы парыз» д/ф (Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ)
- «Здравствуй, добрый человек!» д/ф (Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ)
- «Мангистау - край океана Тетис» д/ф («АРДФИЛЬМ» ЖШС)
Анимациялық фильмдер:
- «Алан туралы аңыз» а/ф («САҚ-дала» ЖШС)
- «Үміт әрдайым жанымызда» а/ф («SUGUR Film» ЖК)
Дебюттік фильмдер:
- «Осенний бриз» к/ф («Медетфильм» ЖШС )
- «ГРАЖДАНЕ КРЫШИ» к/ф («SMAG Production» ЖК)
Бірлесіп шығарылатын фильмдер:
- «Победителей Видно на Старте» к/ф («Accidental Films» ЖШС)
Еске салайық, биылғы мамыр айында мемлекет қаражаты есебінен түсірілетін киножобаларды іріктеу бойынша наурызда өткізілген конкус нәтижесіне тексеру тағайындалған болатын. Бұған байқауға қатысушы жекелеген киногерлердің арыз-шағымы себеп болды. Тамыз айының басында конкурс нәтижесі толығымен жойылғаны мәлім етілді.
9 қыркүйекте 115 киножоба питчингке өткенін жаздық.
Жалпы, электронды түрде тіркелген өтінімдердің саны 271 болды. Оның ішінде қағаз жүзінде 261 өтінім түскен. Құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша 115-і питчингке өтті. Оларды Сараптама кеңесінің мүшелері 8 қыркүйектен бастап 3 қазанға дейін қарастырды. Іріктеу кезеңінен өтпеген қатысушыларға үш жұмыс күні ішінде ресми хаттар жіберілетіні, онда өтінімдерді қабылдамау себептері көрсетілетіні айтылды.