Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина доданы екінші айналымнан бастайды.
Іріктеу сайысын сәтті өткізген Ю.Путинцева жеребеге сәйкес алғашқы айналымда әлемнің 31-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен шеберлік байқасады. Осы екі теннисшінің қай жеңгені екінші айналымда Е.Рыбакинамен ойнайды.
Өткен жылы Токио турнирінде Елена Рыбакина жартылай финалға дейін жетсе, Ю.Путинцева қатыспаған еді. Биыл олар сол нәтижелерін жақсартса, рейтингілік ұпай қорын толықтыра алады.
Жексенбі күні Нинбо жарысында жеңімпаз атанған Е.Рыбакина биылғы маусымдағы титул саны жөнінен теннисшілер арасында үздік көрсеткішке қол жеткізді. 2026 жылы ол Аустралия және АҚШ ашық чемпионатында, сондай-ақ Штутгарт пен Нинбода топ жарды. Елена спорттық жолында WTA турнирлерінде барлығы 15 рет чемпион атанды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Қытайдағы турнирдің екі дүркін чемпионы атанғанын жазған едік.
Сондай-ақ Алматыда ATP 250 турнирінің жеңімпаздары анықталды.