АСТАНА. KAZINFORM – Испания астанасы Мадридте өтіп жатқан WTA Mutua Madrid Open турниріндегі қазақстандық Елена Рыбакинаның алғашқы қарсыласы белгілі болды.
Турнирдің екінші айналымында Рыбакина итальяндық Люсия Бронзеттимен бақ сынайды.
Бронзетти бірінші айналымда Франция өкілі Варвара Грачевадан 6:3, 6:3 есебімен басым түскен еді. Кездесу бір сағат он минутқа созылды.
Естеріңізге салсақ, Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина жуырда Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің чемпионы атанған болатын.
Оралхан Қожанов
2013 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ-ді журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары «Баянтау», «Ауыл тынысы», «Отарқа», «Сарыарқа самалы», «Қазақ үні», «Егемен Қазақстан» газеттерінде, «Ұлыс медиа» порталында қызмет атқарды.