Риддер тұрғындары қақаған қыста тағы жылусыз қалмай ма

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Риддер жылу электр орталығының алдағы қысқа дайындығы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Kazinform .

Фото: Pexels

«Ол жерде техникалық жай-күйіне байланысты жөндеу жұмысы жүргізіліп, қазандықтар бүгінде жұмыс істеп тұр. Тағы 5 қазандықты жөндеу жұмыстары таяу күндері аяқталады. Қазіргі уақытта қала 100 пайыз жылуға қосылған. Бәрі жылу жеткізудің базалық режиміне сай жүріп жатыр. Мердігер ұйымдар жұмысын әлі жалғастырып жатыр», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Айта кетейік, таяуда Риддер жылу электр орталығының инвесторы Әміржан Нәбиев аталған нысанды мемлекетке 1 теңгеге беру туралы шешім қабылдағанын жазған едік. 

Сондай-ақ Риддер ЖЭО-ның бұрынғы меншік иелері 5,5 млрд теңгеден астам борышын, оның ішінде жалақы және салық міндеттемесі бойынша қарызын төледі.