АСТАНА. KAZINFORM – ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 ақпан күні жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 1 023 шақырым жерде, Ресей аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 12.3. MPV магнитудасы – 5.7. Эпицентр координаттары 50.85° с.е. 84.39° ш.б. Тереңдігі – 15 км. Сезілуі (МSК-64 шкаласы бойынша) туралы дерек бойынша: Риддер, 2 балл», - делінген хабарламада.
Зарина Туғанбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.