Қала әкімі Дәулет Батырбаевтың айтуынша, жүргізілген профилактикалық тексеруден кейін ЖЭО-дағы № 1 қазандық агрегаты қайта іске қосылды. Сондай-ақ қазіргі уақытта орталықта № 3 қазандық жұмыс істеп тұр.
«Тұрғындарға бірер күн бұрын қалаға берілген жылу температурасының төмендейтіні ескертілген. Оған себеп — мамандарға қазандықты тексеру бойынша технологиялық процедураларды жүргізу қажет. Бұл — іске қосу-баптау жұмыстарының ажырамас бөлігі. Қазір қазандық жұмыс істеп тұр», — дейді ол.
Синоптиктердің болжамынша, Риддерде аптаның соңына дейін ауа температурасы күндіз 17-ден 20-ға дейін, түнде 8 — 13 градус аралығында болады.
«Толығымен қайта жасалып жатқан жылу орталығы қалыпты режимде сенімді жұмыс істеуі үшін алдағы суықтарға жүйелі түрде технологиялық дайындықтан өткізілуде. Қазір қалалық жылу электр орталығынан желі арқылы қалаға 49,5 градуста жылу беріліп отыр. Бұл — осы ауа райына сай норманың шегіндегі температура», - дейді Дәулет Батырбаев.
Оның айтуынша, жылы көзіндегі жөндеу жұмыстары техникалық регламенттерді сақтай отырып, белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, осыған дейін Риддер ЖЭО-сы коммуналдық меншікке берілетіні хабарланған.