Риддер жылу орталығындағы екі қазандық қашан жөнделеді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында екі қазандық жөнделіп жатыр.

Фото: Ботакөз Кенжеханқызы

«Шығыс Жылу» АҚ мәліметіне сүйенсек, бүгінде 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында Риддер жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Республикалық және облыстық бюджеттер есебінен №5 және №6 жоғары қысымды қазандық агрегаттары күрделі жөнделіп жатыр.

- Бекітілген кестеге сәйкес №5 қазандық 31 тамызға дейін, №6 қазандық 30 қыркүйекке дейін жөнделеді. Сонымен қатар қаладағы жылу желілерін жаңғырту жұмыстары да қолға алынған, - делінген ақпаратта. 

Соңғы үш жылда ЖЭО-да ауқымды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде негізгі жабдықтардың тозу деңгейі 75,4 пайыздан 45,7 пайызға дейін төмендеді.

Еске салсақ, осыған дейін Үкімет Риддер қаласының жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөлетіндігі хабарланған