ӨСКЕМЕН ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер жылу электр орталығына жаңа инвестор тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Риддер» ЖЭО АҚ мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта орталық қызметкерлеріне жалақы төлене бастаған.
«Алматылық жаңа инвестор бірнеше ай жалақы алмаған жұмысшыларға ақша төлеуде. Нақты айтқанда, еңбек ұжымы мамыр және маусым айларының жалақысын алды. Сондай-ақ жаңа инвестор кредиторлық берешек мәселесімен де айналысып жатыр», - дейді ЖЭО бас директоры Игорь Михайленко.
Айта кетейік, бүгінде Риддер жылу электр орталығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың шығыны мемлекеттік бюджет есебінен төленуде.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.