Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Риддердегі жылу электр орталығы басшылығының немқұрайлығынан багер станциясы қайтадан су астында қалды. Дәл осындай жағдай өткен жылдың 5 қарашасында болған. Сол кезде мердігер ұйымдардың қызметкерлері мазутты сорып алып, барлық агрегаттардың жұмысын қалпына келтірген еді. Алайда, ЖЭО басшылығының кінәсінен жағдай тағы қайталанды. Қазір багер станциясында апатты жою жұмыстары жүргізілуде», - дейді аймақ басшысы.
Оның айтуынша, 4 мотопомпа, 4 суасты сорғы іске қосылды.
Төтенше жағдай жөніндегі штабтың ақпаратына сәйкес, 3-4 сағат ішінде апат салдары жойылады.
«Риддер тұрғындарына алаңдауға еш негіз жоқ. Бұл жағдай орталықтың жұмысына әсер етпейді. Резервтік жабдық қосылған. ЖЭО-дан жылу беру кесте бойынша жүргізіледі. Штаб мамандары апаттық себептерін анықтап жатыр», - деді Даниал Ахметов.
Видеодан алынған кадр