Риддер жылу орталығындағы 4 қазандық 20 қыркүйекке дейін іске қосылмақ
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығының 4 қазандығы 20 қыркүйекке дейін іске қосылады деп жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі уақытта Риддер ЖЭО-да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Кестеден ауытқу жоқ. Барлық тораптар мен агрегаттар бойынша жұмыстардың орындалуы 40 пайыздан асып отыр.
«Орталықтағы алты қазандықтың төртеуі 20 қыркүйекке дейін іске қосылады деп жоспарлануда. Ол үш орташа қысымды қазандық және бір жоғары қысымды қазандық. Ал күн қатты суыған кезде Риддерде барлық алты қазандық жұмыс істейтін болады», - деп хабарлады ШҚО әкімдігінен.
Сондай-ақ Риддердегі жылу желілерін қайта құруға басты назар аударылуда. Күрделі жөндеу аясында ЖЭО-да екі шақырымнан астам құбыр жаңартылады. Жөндеудің сметалық құны шамамен 1,1 миллиард теңгені құрайды.
«Восток Котлы» ЖШС мамандары ескілерін бөлшектеп, жаңа құбырлар төсеуде. Жұмыстар қаланың төрт учаскесінде жүргізілуде.
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.