Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Риддер жылу электр орталығындағы барлық алты қазандық жөндеуден өтуде. Оның үшеуі қыркүйек айының соңында, қалғандары қазан айында дайын болады.
Қазандықтар температуралық режимге сәйкес біртіндеп пайдалануға беріліп, күн суығанда толық қуатта жұмыс істейді деп жоспарлануда.
«ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарының барысы әкімдік пен тұрғындардың бақылауында. Бүгінде жұмыстар 49%-ға аяқталды. Сол жерге 9 кәсіпорынның 400-ге жуық адамы жұмылдырылған», - делінген ақпаратта.
№1 қазандықтың дайындығы 65,7%, №2 – 47,3%, №4 – 43,6%. Қалған үш қазандықтың жартысына жуығы жөнделді. Кестеден кешігу жоқ.