Риддердегі орталықтың жылыту маусымына дайындығы қандай

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығының жылыту маусымына дайындығы 40 пайыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: tets.kz

Өткен қыста қайта-қайта ақау шыққан Риддердегі ЖЭО-да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде орталықтың алдағы жылыту маусымына дайындығы 40 пайыз болып отыр.

«Жөндеу жұмыстарын 11 мердігер компания жүргізіп жатыр. Жұмысшылар күн сайын 2 ауысымда еңбек етеді. Барлық 6 қазандық қайта жаңартылып жатыр. Ал жылу желілеріндегі жұмыстардың 90 пайызы аяқталды», - делінген ақпаратта.

Атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы қатаң бақылауда. Аптасына екі рет жергілікті мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділері орталыққа барып, тексеру жүргізіп тұрады.

Еске салсақ, осыған дейін Өскемендегі жылу орталығында былтыр ақау шыққан қазандық күзде жөнделіп бітетінін хабарлаған едік.