ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында жылу электр орталығынан ақау шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кеше Риддердегі жылу электр орталығында төтенше жағдай болды. Қазандықтар жұмысын тоқтатып, халық жылусыз қалған.
Осыған орай қала әкімі ресми мәлімдеме жасады.
«Техникалық себептерге байланысты ЖЭО жұмысы тоқтатылды. Бірден оқиға орнына барып, тиісті шараларды қабылдап жатырмыз. Жылу қайтадан қосылады. Сондықтан тұрғындарға түсіністік танытып, сабыр сақтауға шақырамын», - дейді әкім Дмитрий Горьковой.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.