ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Риддердегі жылу электр орталығында өрт шыққан отын цехын қалпына келтіру жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жалғасып жатыр. 22 адамнан тұратын бригадалар бір-бірін алмастырып, жұмыс кестесіне сәйкес өз учаскелерінде еңбек етеді.
«Жұмысқа өңірдегі ЖЭО-лардың, құрылыс фирмаларының және «Қазмырыш» компаниясының үздік қызметкерлері тартылды. Қалпына келтіру жұмыстары бір минутқа да тоқтамады», - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Жүйедегі температураны көтеру үшін мазутқа ішінара қатты отын қосылған.
«Осыған дейін айтқанымдай, үш күннің ішінде отын цехының жұмысы қалпына келтіріледі. Риддер ЖЭО-дағы жұмыстардың барысын орынбасарым сол жерде толықтай басқары жүрп. Ал, орталық иелерінің бірде-біреуі ол жерге тіпті келген жоқ», - дейді аймақ басшысы.
Еске салсақ, 19 қаңтарда Риддердегі жылу электр орталығынан өрт шыққан болатын.
Бірнеше сағаттың ішінде қызыл жалын ауыздықталды.
Видеодан алынған кадр/instagram.com/danial.akhmetov.official