Рим Папасы қайтыс болды

Фото: Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM —  Рим Папасы Франциск көз жұмды, деп хабарлайды ТАСС.

Кеше ғана Пасха жексенбісінде Папа Франциск дәстүрлі батасын беру үшін Ватикандағы Әулие Петр алаңына жиналған сенушілердің алдына шыққаны хабарланған еді.

Осыған дейін Рим Папасы Реджина Коэли түрмесіне барғаны белгілі болды.