Рим Папасы Лев XIV балалық шағында тұрған үй аукционға шықты

Фото: Фото: Vatican Media / Mega | Grosby Group

АСТАНА. KAZINFORM - Рим Папасы Лев XIV балалық шағы өткен Чикагодағы үй $250 мыңға аукционға шығарылды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

- Жаңа сайланған папаның балалық шағы өткен үйі Чикагодағы өте құнды дүниелер саудаланатын аукционда бастапқа бағасы 250 мың доллармен саудаға шығарылды,-делінген Daily mail ақпаратында.

Үй осыған дейін де сатуға қойылған. Алайда Лев XIV Рим Папасы болып сайлануына байланысты көбірек пайда табу үшін сауда уақытша тоқтатылған.

Осыған дейін Жаңа Рим Папасы сайланғаны туралы жаздық.

Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Левке құттықтау жеделхатын жолдады.