Діни рәсім 9 қарашада Палермо ауданындағы Либертадор даңғылының бойында орналасқан Испандықтар монументінің (Monumento a los Españoles) жанында өтті.
Ватикан мен ұйымдастырушылардың мәліметінше, жиынға шамамен 2,5 миллион адам қатысқан. Бұл – XIV Лев 2025 жылғы мамырда Рим Папасы болып сайланғалы бері өткізген ең ауқымды рәсім. Бұған дейінгі рекорд 2026 жылғы маусымда Мадридте тіркелген. Ол кезде мессаға шамамен 1,2 миллион адам жиналған болатын.
Айта кетейік, Астананың басты даңғылдарының біріне жиналған халық бірнеше шақырымға созылды. Діндарлардың көбі Аргентинаның әр өңірінен және көршілес елдерден келген. Кейбір діндарлар құрбандық үстеліне жақын орын алу үшін көшеде түнеп шыққан. Жиын барысында ондаған үлкен экран жұмыс істеді. Бұдан бөлек уағыз кезінде Рим Папасы Аргентина католиктерінің діни сенімге деген зор ықыласын атап өтіп, қазіргі заманның қиындықтарына төтеп беруде христиан отбасын берік тірек деп атады. Сондай-ақ ол бұған дейін Буэнос-Айрес архиепископы қызметін атқарған Рим Папасы Францискті тебірене еске алды.
Бұл месса XIV Левтің Оңтүстік Америкаға жасаған 12 күндік апостолдық сапарының Аргентинадағы ең басты оқиғасы болды. Сапар барысында Рим Папасы Уругвай, Аргентина және Перуге барады.
Оның Аргентинаға бұл сапары – соңғы 40 жылға жуық уақыт ішіндегі алғашқы папа ретіндегі сапар. Бұған дейін Иоанн Павел II елге 1987 жылы келген. Месса алдында XIV Лев мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған Cottolengo Don Orione орталығына барып, елдің даму деңгейі қоғамның ең осал топтарына деген қарым-қатынасымен өлшенетінін айтқан еді.
71 жастағы Рим Папасы бұл сапарын өкпесіндегі қатерлі ісікке байланысты ота жасатқаннан кейін бір айға жетпей бастады. Сапар барысында ол әлеуметтік әділеттілік мәселелеріне де тоқталып, билікті қоғамның барлық тобының мүддесін ескеруге шақырды.
Сонымен қатар Рим папасы XIV Лео 3-тің қарашада өткен АҚШ Конгресіне аралық сайлауда пошта арқылы дауыс беру үшін бюллетень сұратқаны хабарланған болатын.