Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарының қола жүлдеcін жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VI Азия жағажай ойындарында қазақстандық Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеудің жылдамдық дисциплинасында 4,81 секунд нәтижемен қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: olympic.kz

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында алты медаль бар. Яғни, бір алтын, бір күміс және төрт қола.

Айта кетейік, бұл кешенді жарыстар күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындық кезеңі саналады.

Осыған дейін Қазақстан спортшылары жағажайдағы Азия ойындарының 1/8 финалына жолдама алғаны туралы жаздық.