АСТАНА. KAZINFORM – Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұхан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шығу үшін күреседі.
97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Айтмұхан америкалық Гаравус Куэкобакилахомен белдесті.
Қазақ балуаны қарсыласын сенімді түрде жеңіп, енді әлем чемпионатының жартылай финалында боз кілемге шығады.
Еске сала кетейік, бұған дейін таеквондодан Бахрейндегі жасөспірімдер Азиадасында ел қоржынына екі жүлде түскенін хабарлағанбыз.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.