АСТАНА. KAZINFORM - Албания астанасы Тирана қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан (97 келі) ширек финалға шықты.
Алғашқы белдесуінде қазақстандық балуан канадалық Уильям Ноксті жеңді.
Енді ол ширек финалда польшалық Владислав Козловпен кездеседі.
Айта кетсек, Ризабек қыркүйек айында Испанияның Понтеведре қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды.
Өткен жылы қазақстандық балуан Сербия астанасы Белград қаласында болған ересектер арасындағы әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.
1990 жылдан бері ол әлем чемпионатында еркін күрестен алтын алған тұңғыш әрі ең жас қазақстандық палуан атанды. Оған дейін ұлттық құрама 17 жүлдеге қол жеткізген. Оның 5-уі күміс, 12-сі қола медаль болатын.
Ризабек Айтмұқан 2004 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.