АСТАНА. KAZINFORM – Тиранада (Албания) 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұқан жеңімпаз атанды.
Қазақстандық балуан 97 келіге дейінгі салмақта финалда ирандық Махди Морафамен белдесті.
Бірінші кезең 2:2 есебімен тең аяқталғанымен, соңғы ұпайды Ризабек алды. Екінші кезеңде ол 6:2 есебімен алға шықты. Сосын 10:4-ке жеткізді. Қорытынды есеп – 11:6, Ризабектің пайдасында.
Р.Айтмұқан 2023 жылы ересектер арасында әлем чемпионы атанса, биыл 20 жасқа дейінгілер арасында дүниежүзілік додада топ жарғаны белгілі.
Тағы бір қазақстандық Алан Оралбек (57 кг) қола жүлде үшін бәсекеде ресейлік Юнус Явбатыровпен белдесіп, 2:6 есебімен есе жіберді. Сөйтіп ол медальсіз қалды.
Дүйсенбі күні грек-рим күресі шеберлері де кілемге шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ризабек Айтмұқанның әлем чемпионатының финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).