Stanford университеті әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі саналады. Мұнда қабылдау деңгейі шамамен 3,6%-ды құрайды, ал шетелдік талапкерлер үшін бұл көрсеткіш одан да төмен болады.
Әлихан Серіков FIRST жарыстарына қатысып, бастапқы деңгейдегі FIRST LEGO League кезеңінен бастап жоғары деңгейдегі FIRST Tech Challenge санатына дейін жетті. Оның командасы Орталық Азия аймақтық чемпионатында жеңіске жетіп, Хьюстон қаласында өткен әлемдік кезеңге жолдама алды. Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша команда инженерия, дизайн, презентация және қоғаммен жұмыс бағыттары бойынша берілетін Inspire Award сыйлығының 3-орнын иеленді.
Stanford университетінде Әлихан Management Science & Engineering мамандығы бойынша білім алуды жоспарлап отыр. Бұл бағдарлама технологиялар, деректерді талдау және басқару салаларын біріктіретін пәнаралық бағыт саналады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Астанада «Ана тілі» олимпиадасының жеңімпаздары анықталып, 14 оқушыға ЖОО гранты берілгенін хабалағанбыз.