АСТАНА. KAZINFORM – «Үлкен дулыға» додасы – Франция ашық чемпионатының іріктеу турнирінде ерлер арасында 4 қазақстандық теннисші бақ сынайды.
Дүйсенбі күні басталатын іріктеу сайыстарының ширек финалында әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жұқаев дүниежүзілік рейтингіде 167-орында тұрған аргентиналық Хуан Мануэль Серундоломен шеберлік байқасады.
Рейтингіде 177-орындағы Денис Евсеев әлемнің 237-ракеткасы, болгариялық Адриан Андреевпен кездеседі.
Әлемнің 223-ракеткасы Дмитрий Попко бастапқы бәсекесінде рейтингіде өзінен жеті саты төмен тұрған франциялық Валентин Ройеден өтуге тырысып көреді. Тағы бір қазақстандық, әлемнің 134-ракеткасы Михаил Кукушкин рейтингіде 148-орындағы швейцариялық Леандро Ридимен кортқа шығады.
Іріктеу сайыстары 24 мамырда аяқталады.
Жылдың басты жарыстарының бірі саналатын Ролан Гаррос турнирі 26 мамыр – 9 маусым аралығында өтеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Страсбургте турнирдің негізгі кезеңіне өткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).