«Екібастұз ЖЭО-сына тартылған электр желісі үзіліп, қазандықтар тоқтап қалды. Арада 5 сағат өткеннен кейін іске қосылған. Екібастұз ЖЭО қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жалпы, жылу беру желілерінің параметрлері қазір нормадан жоғары десек болады», - деді Роман Скляр Сенат отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Еске салсақ, жақында дауылдың салдарынан Екібастұз ЖЭО электр қуатынсыз қалды. ГРЭС-1-ден қуат алатын негізгі және резервтік қосалқы станциялардың тоқтап қалуына байланысты станцияны электр энергиясымен қамту үзілген еді.