АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду келесі әлем чемпионатына қатысқысы келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Marca мәліметіне қарағанда, 37 жастағы футболшы 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін дүниежүзілік додаға баруға ниетті.
Роналду рождество мерекесін Дубайда өткізіп, демалмақшы.
Қатарда өткен әлем чемпионатында Португалия құрамасы сәтсіз өнер көрсеткені белгілі. Криштиану, әсіресе, Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасының чемпион атанғанына қапалы. Сол үшін ендігі мақсаты - алдағы чемпионатқа қатысу.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мессидің кубокпен түскен фотосы желіде рекордтық лайк жинағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Аргентинадағы футбол мерекесі кезінде жанкүйер көз жұмды.
Фото: CLAUDIO VILLA/GETTY IMAGES
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).