Роналдудың пенальтиден тепкен добы қиыс кетіп, жанкүйер қызды сұлатып салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық жанкүйер бойжеткен Мадридтің «Реал» командасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың «Севиль» командасымен арадағы матчта пенальтиден тепкен добынан зардап шекті.

Әлемдік футбол жұлдызының қиыс кеткен добын жапа шеккен бойжеткеннің өзі түсірген. 58-інші минутта португальдықтың қақырата тепкен добы қақпадан жоғары кетіп, оператордың тура бетіне тиген, деп хабарлайды rosbalt.ru.

Соңынан видеоның астына автор: тек беті көгергені болмаса елеулі жарақат алмағандығын, мұның есте қалар оқиға болғандығын жазды.