Рубио 2026 жылы Қазақстанға келуге ниетті екенін айтты

Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио келесі жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанға келуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

— Мен келесі жылы осы 5 елге баруға ниеттімін. Бұл бір апта немесе одан да ұзақ сапар болатынын білемін, — деді ол Мемлекеттік департаменттің бес елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысқан қабылдауында.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы американдық бизнес Орталық Азия елдерінің нарығына қолжетімділікті кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. Рубио соңғы 10 жылда Америка билігі бұл аймаққа жеткілікті назар аудармағанына қынжылды. Ол АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Қазақстанмен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Түркіменстанмен және Өзбекстанмен «екіжақты негізде немесе өңір деңгейінде бірлесіп жұмыс істеуге» ниетті екенін атап өтті. Сондай-ақ ол ақ үйдің басшысы Вашингтонда 6 қараша күні 5 елдің басшысымен кездесетінін айтты.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға іссапармен барғанын жаздық. 

Президент сапар барысында АҚШ-та оқитын қазақ студенттерімен кездесті