Рубио: Африкадағы АҚШ дипмиссияларын қысқарту туралы ақпарат — жалған
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио The New York Times (NYT) газетінде жарияланған ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады ТАСС.
Онда АҚШ әкімшілігінің Мемлекеттік департаменттің қызметін айтарлықтай қысқартуға, соның ішінде Африкадағы бірқатар дипломатиялық өкілдікті жабуға бағытталған болжамды жоспарлары жарияланған.
Мәлімдеме дипломаттың X әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жарияланған.
— Бұл жалған жаңалық. The New York Times тағы да бір жалған ақпараттың құрбаны болды, — деп жазды Рубио.
Бұған дейін NYT АҚШ президенті Дональд Трамп Мемлекеттік департаментті ауқымды қайта құру туралы бұйрыққа келесі аптада қол қоюы мүмкін деген мақаланы жариялаған болатын. Есепте бұйрық жобасы АҚШ-тың Африкадағы қатысуын айтарлықтай азайтады, соның ішінде 1 қазанға дейін Сахараның оңтүстігіндегі Африкадағы бірқатар елшіліктер мен консулдықтарды жабады деп айтылған.