Рудныйдағы бес қабатты тұрғын үйде өрт шығып, 14 адам эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Рудный қаласында Космонавтов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: ТЖМ

ТЖД күштері автосатының көмегімен 4 адамды құтқарды. Сонымен қатар баспалдақ маршымен 14 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды.

Өрт 20 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бұған дейін Ақмола облысы Щучинск қаласындағы бес қабатты қонақүйлердің бірінің бірінші қабатындағы сауна бөлмесінде өрт шыққан болатын.