«20 желтоқсан күні таңғы 09:00 шамасында Рудный - Қашар автожолында «Ауди» және «Дэу Нексия» автомобильдері соқтығысқан. Апат салдарынан 3 адам қаза тауып, екі адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Әлеуметтік желіде жан түршігерлік жол апатының видеосы тарады.
Қазір оқиғаның егжей-тегжейі тексеріліп жатыр.
Автор:
Жанна Мұсабаева