Рудный тұрғыны пәтерін бөтелкелерге толтырып қойған

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Рудныйда пәтерлердің бірінде газ плитаны тексермек болғандар бос бөтелке үйіндісін тапты. Бұл туралы Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі болғандай,Рудный полициясына газ қызметінің қызметкерлеріне есікті ашпаған 40 жастағы ерадамның көршілері шағым түсірген. Бұл пәтердегі газ плитасына техникалықтексеру жүргізуге кедергі келтірген. Осыған байланысты сол кіреберістегі пәтерлергегаз беру тоқтатылды.

«Ер адам Рудныйқалалық ПБ қызметкерлері, әкімдіктің тұрғын үй инспекциясы өкілі, газқызметінің қызметкері мен көршілер келіп тұрған соң пәтер есігін ашты. Пәтерантисанитариялық жағдайда болғаны анықталды. Көптеген бос бөтелкелер шашылыпжатқан. Осыған байланысты, пәтер иесіне бір айдың ішінде пәтерді қоқыстантазарту үшін уақыт берілді», - деп түсіндірді облыстық ПД баспасөз хатшысыИрина Беженарь.

Газ қызметініңқызметкерлері техникалық тексеру жүргізгеннен кейін газ берілді.


Алайда, осы пәтергебір аптадан кейін тексеруге келген полицейлер пәтер иесінің үйіндінітазартпағанын анықтады.

Сондықтан, Рудныйполиция басқармасы қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінежәне СЭС-ке хат жолдайды.

Соңғы жаңалықтар