Бұл жайында ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл факті асыра сілтеушілік. Мұны солай көрсеткісі келетін кейбір адамдар бар. ол (Майра Рысманованың ұлы) өз-өзіне қол салмақ болған жоқ. Ол өзіне жеңіл дене жарақатын салып, оған медициналық көмек көрсетілді. Жарақат өмірге де, адамның денсаулығына да қауіпті емес. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖК-ден.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 6 желтоқсаны күні күндізгі сағат 12-16-да ҚР Бас прокуратурасының бақылау-өткізу пунктінде 1968 жылы дүниеге келген Майра Рысманова өзін-өзі өртеп, қалалық ауруханаға жеткізілген. Оның мұндай қадамға баруына ұлы Е.Ахметовтің ірі көлемде есірткі сақтады деген айыппен 4,5 жылға сотталуы себеп болған. Бүгін Майра Рысманова елорда ауруханаларының бірінде қайтыс болды.