— Азаматтардың еркін таңдауына негізделген Құрылтай Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтып, құқықтық және қоғамдық-саяси институттарды жетілдіруге, сондай-ақ елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдімін. Сіздің басшылығыңызбен жүзеге асырылып жатқан жүйелі реформалар елдің ұзақ мерзімді мүддесіне сай келіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттің одан әрі өркендеуіне бағытталғанын атап өткім келеді. Қырғыз-қазақ стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы екі ел халықтарының игілігі үшін, сондай-ақ бүкіл Орталық Азиядағы бейбітшілік, тұрақтылық пен дамуға үлес қоса отырып, одан әрі нығая беретініне сенемін. Сізге зор денсаулық, амандық және мемлекеттік қызметіңізге табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тілеймін, — делінген Президент Садыр Жапаровтың құттықтауында.
Айта кетейік, Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру аяқталды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де ел аумағындағы сайлау учаскелері жабылып, комиссиялар дауыстарды санауға кірісті.
20:00-дегі жағдай бойынша Құрылтай депутаттарын сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 9 млн 350 мыңнан астам сайлаушы өз таңдауын жасады.