Садыр Жапаров Қырғызстан туын өзгертуге бағытталған заңға қол қойды

Фото: Фото: Кабар

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 20 желтоқсанда Жогорку Кенеш қабылдаған заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazinform Қырғызстанның Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Заң Қырғыз Республикасының ең басты рәміздерінің бірі – ел туын жетілдіруге бағытталған.

Жаңа қабылданған заң нормаларына сәйкес, Қырғыз Республикасы туындағы күн сәулелерінің пішіні өзгереді.

Фото: Кabar

Сондай-ақ қабылданған заңға сәйкес, Мемлекеттік ту бейнеленген ресми құжаттар олардың қолдану мерзімі аяқталғанша күшінде болады. Ал Мемлекеттік ту бейнеленген көліктердің нөмірлері мен оларды тіркеу туралы куәліктер тиісті органның оларды алмастыру жөніндегі шешімі шыққанша қолданыла береді.