Қытайлық CCTV арнасы болған оқиғаның бақылау камераларына түскен кадрларын көрсетті. Онда әйелдің ақ автомобильден шығып, оны айналып жүргізушіге барғанын көруге болады. Бұл кезде оған орманнан пайда болған жолбарыс бас салды. Рульде отырған ер адам әйелге көмектесу үшін соңынан жүгірген. Бірнеше секундтан кейін сафари-саябақ қызметкерлері де көлікпен жетіп-ақ келді. Алайда, әйелді құтқару мүмкін болмады, деп жазды вesti.ru.
12:09, 25 Шілде 2016
Сафари-саябақта жолбарыс әйелді талап өлтірген видео жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда әйел сафари-саябақта қауіпсіздік шараларын бұзып, көліктен шыққан кезінде жолбарыс бас салды. Қайғылы жағдай Бадалин саябағында орын алды.