АСТАНА. KAZINFORM — Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Сағындық Тоғамбай жеңімпаз атанды.
С.Тоғамбай 92 келіге дейінгі салмақта тәжікстандық Парвиз Каримовты сынап көрді.
Сағындық бірінші раундта-ақ қарсыласын нокдаунға жіберді — 5:0.
Екінші кезеңде С. Тоғамбай тәжікстандық боксшыны ауыр соққының астына алып, тағы екі рет нокдаунға түсіргеннен кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Сөйтіп техникалық нокаут тіркелді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Махмұд Сабырханның алғаш рет бокстан Азия чемпионатында топ жарғанын жазған болатынбыз.
Оразбек Асылқұлов бокстан Азия чемпионатында күміс алды.
Дулат Бекбауов Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері болды.
Абылайхан Жүсіпов бокстан Азия чемпионатында тағы бір күмісті қанағат тұтты.
Боксшы Диас Молжігітовке Азия біріншілігінің күмісі бұйырды.
Бекзат Нұрдәулетов Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).