«Ішкі істер министрлігіне жергілікті органдармен бірлесіп, осы жылдың 1 желтоқсанына дейін белгіленген тәртіппен таяу 1 жылға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кешенді жоспардың жобасын әзірлеп, Үкімет қарауына енгізуді тапсырамын», - деді Б.Сағынтаев.
Сонымен қатар ол бұл бағыттағы жұмыстарды барынша күшейту қажеттігін баса айтты.
«Бізге халықпен азаматтық қоғам институттарына шынайы арқа сүйей отырып, бұл жұмыстарды қайта қарау және жүйелеу қажет. Барлығының нақты өзара іс-қимылын қамтамасыз ету керек», - деді Б.Сағынтаев.