«Ішкі істер министрлігі Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен және Мемлекеттік кредиттік бюромен бірлесіп сақтандыру төлемі үшін сақтандыру компанияларына жол-көлік апаты туралы материалдарды онлайн беруді бекітті. Жыл сайын жүздеген мың адам жол апаты туралы материалдардың көшірмелерін алу үшін алдымен полицияға жүгініп, содан кейін сақтандыру компанияларына құжаттар тапсырып көп уақыт жұмсайтын. Қазір бұл процесс полиция, прокуратура және сақтандыру компанияларының дерекқорларын біріктіру арқылы автоматтандырылды», - деді Ш. Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингіде.
Жол-көлік оқиғасы кезінде полиция қызметкері жасаған хаттама тексеруден өтетін базаға түседі. Содан кейін ол автоматты түрде сотқа және бір уақытта сақтандыру компаниясына жіберіледі.
«Азамат келтірілген залалды бағалау үшін сақтандыру компаниясына жүгінуі керек және сотқа шақыру туралы SMS күтуі керек», - деді Ш. Тұрлыбек.