«Қазақстан азаматтары тарапынан шетелде, оның ішінде ЕАЭО елдерінде тіркелген көліктірді пайдалануы тақырыбына тоқталсақ, оларды пайдалану тәртібі Қазақстан заңнамасында айқындалған. Ішкі істер министрлігі азаматтар мүдделерін қорғау үшін кез келген көлік құралын сатып алу бойынша шарттарды заңнамада белгіленген тәртіпте жүргізуге кеңес береді. Автокөлікті сақтандыру құжаты бойынша алу азаматтар үшін тиісті тәуекелдерге алып келеді. Егер аталған көлік іздеуде болса немесе оны пайдалануға тыйым салынса, онда ел азаматтары бұл автомобильден және оны алуға жұмсаған қаражатынан біржола айырылуы мүмкін», - деді С. Түсіпов онлайн брифингіде.
Осы орайда ол көлік құралын сатып алу мен оны тіркеу заңнамада ескерілген тәртіпте жүргізілуі керек екенін атап өтті.
«Бұл өз кезегінде күдік тудыратын, яғни криминалды немесе пайдалануға жібірілмеген көліктерді сатып алудан сақтандырады. Екіншіден, азаматтардың сатып алған көлігіне қатысты мүліктік құқығын қорғауға мүмкіндік береді», - деді ведомство өкілі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы 7 айда жол ережесін бұзудың 4 млн-ға жуық жағдайы анықталды.
Сонымен қатар С. Түсіпов жаяу жүргіншілердің тәртібіне қатысты проблеманы айтты.