Сақтық шараларын сақтау керек: Алматыда жылу жүйесі сынақтан өткізіледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 9-18 қыркүйек аралығында жылыту маусымына дайындықты аяқтау үшін қаланың 7 ауданында жылу жүйесіне гидравликалық сынақтар жүргізіледі.

Фото: Алматы әкімдігі

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, магистральдық және тарату құбырларын тексеру кезінде күн сайын сағат 4:00-ден 7:00-ге дейін қала тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын қатаң сақтау ұсынылады. Қауіпсіздік шаралары қабылданғанына қарамастан, судың жер бетіне шығуы, жол жабынының ішінара бұзылуы секілді штаттан тыс жағдай болуы мүмкін.

Фото: Алматы әкімдігі

- Мұндай жағдайда өз бетіңізше ешқандай әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не 351-27-62 (тікелей нөмір) немесе 109 нөмірі арқылы хабарлаңыз, - деп хабарлады компаниядан.

Жылу жүйелерін сынау кестесі:

9 қыркүйек

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Тимирязев – Шагабутдинов – Розыбакиев;

Қарасай батыр – Өтепов – Розыбакиев – Байзақов.

Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Саин – Сәдуақасов.

Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда.

Жетісу ауданы: Айнабұлақ-1, 2, 3, 4 шағынаудандары; Көкмайса шағынауданы; Ангарская – Мақатаев – Палладин – Павлодар.

9-10 қыркүйек

Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев – Райымбек – Куратов – Гоголь.

9-18 қыркүйек

Бостандық ауданы: Асқаров – Мирас шағынауданы – «Алматы» шипажайы – Саин – әл-Фараби – Қазақфильм шағынауданы – Рысқұлбеков – Әбіш Кекілбайұлы – Бәсенов – Өтепов – Розыбакиев – Жароков – Алмагүл шағынауданы – Қожанов – ҚазҰУ – Тимирязев – М. Ганди – Назарбаев;

Лисянский – Розыбакиев – Жароков – Эксперименттік база – Қожанов – әл-Фараби – Алмагүл шағынауданы;

Орбита-1, 2, 3, 4 шағынаудандары – Саин – Рысқұлбеков – Розыбакиев – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков – Бәсенов;

Медеу ауданы: Тайманов – Чайкина – Достық – Меңдіқұлов – әл-Фараби – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – ІІМ шипажайы.

10 қыркүйек

Жетісу ауданы: Құлагер шағынауданы, Серіков – Ратушный көшелері; Рысқұлов – Жансүгіров – Тихов – Глазунов;

Наурызбай ауданы: Жобаланатын көше – Айтбаев – Райымбек – Алты-Алаш.

10 және 11 қыркүйек

Әуезов және Алмалы аудандары: Қуанышбаев – Рысқұлбеков – Саин – Үлкен Алматы өзені.

10-18 қыркүйек

Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Назарбаев – Сәтбаев – Желтоқсан – Тимирязев – Есентай өзені.

11 қыркүйек

Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова;

Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Жандосов – Варламов – Айманов.

11-18 қыркүйек

Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Курганская – Сәтбаев – Чайковский.

14 қыркүйек

Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда;

Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Ислам Кәрімов – Райымбек – Масанчи.

15 қыркүйек

Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Фариза Оңғарсынова – Зерделі шағынауданы.

15 және 16 қыркүйек

Әуезов және Алмалы аудандары: Қарасай батыр – Райымбек – Ясауи – Емцов.

16 қыркүйек

Алатау ауданы: Райымбек – Отырар – Рысқұлов – Немирович-Данченко;

Алмалы ауданы: Шокин – Петров – Қарасай батыр – Райымбек.

17 қыркүйек

Алатау ауданы: Ақ-Қайнар – Мәмбетов – Үлкен Алматы каналының (ҮАК) оңтүстік жағы.

17-18 қыркүйек

Әуезов, Наурызбай және Бостандық аудандары: Төле би – Сәтбаев – Әшімов – Ислам Кәрімов.

18 қыркүйек

Жетісу ауданы: Райымбек – Бродский – Рысқұлов – Сейфуллин.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында су құбыры жарылып, жол опырылып кетті.