АСТАНА. KAZINFORM – Сальвадорда су тасқынынан кем дегенде 11 адам, оның ішінде үш бала қаза тапты. Қазіргі уақытта міндетті эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы El Salvador хабарлады.
Толассыз жауған жауынның салдарынан 40 жерде көшкін жүріп, жүздеген ағаш құлады.
Ішкі істер министрі Хуан Карлос Бидегайн 882 адамның баспанасыз қалғанын айтты. Төтенше жағдайдан кейін 6 мың адамды қабылдай алатын 117 баспана дайындалды. Сальвадор үкіметі осал аймақтардағы жағдайды үнемі қадағалап, қауіпті аймақтардың тұрғындарын міндетті эвакуациялау шартын сақтауға шақырды.
Бұған дейін Қырғызстанның Жалалабад облысы ауылдарының 300 тұрғыны су тасқыны салдарынан қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлаған болатынбыз. Су тасқыны 10 жастағы баланың өмірін қиды.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы