Салық төлеушілердің 2,3 млрд теңгелік өсімпұлы кешірілді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Салықтық рақымшылықты жыл басынан бері 40 мыңнан астам заңды тұлға мен жеке кәсіпкер пайдаланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандакәсіпкерлікті қолдау бағытында бірқатар мемлекеттік іс-шара қабылданғанынбілесіздер. Соны бірі – Қазақстанның Тұңғыш Президентінің шағын және ортабизнес субъектілері үшін жариялаған салықтық рақымшылығы. Яғни, салық төлеушінегізгі қарызды төлеген жағдайда өсімақы мен айыппұлдарды сызып тастаутәжірибесі біздің елде бұрыннан бар. Елдегі ШОБ-тың дамуына бұл қадамайтарлықтай оң ықпал етеді. Қазіргі таңда Қазақстанда 830 мыңға тарта шағынжәне орта бизнес субъектісі бар. ЖІӨ-дегі аталмыш сектордың үлесі – 28 пайыз.Соңғы 10 жылда олардың 143,7 млрд теңгелік өсімпұлы мен айыппұлы кешірілген», -деді ҚР ҚМ МКК Аудит департаментінің директоры Жандос Дүйсембиев ҚР ҚММемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан салық төлеушілері қауымдастығыныңбірлескен конференциясында.

Комитетөкілінің айтуына қарағанда, рақымшылық барлық санаттағы салық төлеушілердіқамтыған. Рақымшылық акциясының ел экономикасына оң ықпал еткенін ЖандосДүйсембиев нақты статистикамен дәлелдеуге тырысты.

«2015жылы жүргізілген салықтық рақымшылыққа қатысқандардың 67 пайызының қазіргітаңда салықтық қарызы жоқ. Ол дегеніміз – 122 мың заңды тұлға мен жекекәсіпкер. Ал 2018 жылдың 1 қазаны бойынша республикада салықтық қарызы бар 90мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі бар еді. Олардың салықтыққарызының жалпы сомасы 340,6 млрд теңге болған. Мұндағы негізгі қарыз – 210,4млрд теңге, өсімпұл - 122,9 млрд теңге, айыппұл – 7,3 млрд теңге», - деді ол.

Комитетөкілі өз сөзінде биылғы салықтық рақымшылық жыл соңына дейін жалғасатынын ескесалды.

«Бүгінгедейін «Шағын және орта бизнес үшін салықтық рақымшылық» бағдарламасына 40 391салық төлеуші қосылды. Олар жалпы сомасы 7,8 млрд теңгелік негізгі қарыздыөтеп, олардың 2,3 млрд теңгелік өсімпұлы мен 181 млн теңгелік айыппұлы сызылыптасталды», - деді Жандос Дүйсембиев.

Ескесала кетсек, Қазақстанда салықтық рақымшылық басталатыны осы жылдың басындахабарланған еді. Ол бойынша, 2018 жылдың 1 қазанына дейін жинақталған қарыздыңкелесі жылдың аяғына дейін төлеу керек. Сонда кәсіпкерлер барлық айыппұлдар менөсімақылардан босатылады.

Салықтықрақымшылық шарасының бірінші тоқсандағы нәтижелері бойынша салық төлеушілерге 1млрд теңге өсімпұлы кешірілген.


Соңғы жаңалықтар