Бүгін, 25 желтоқсан сағат 11:00 шамасында М-32 «РФ шекарасы-Шымкент» автожолының 987 шақырымында жол көлік оқиғасы болған.
Ақтөбе облысының Ырғыз елдімекенінен Қарабұтақ ауылына келе жатқан Volvo ауыр жүк көлігі басып басып озу кезінде қарама-қарсы бағытқа шығып, Merсedes жүк көлігімен соқтығысты.
Салдарынан бір адам қаза тауып, біреуі жарақат алған.
«Бүкіл қажетті іс-шараларды өткізу мақсатында автокөліктерге жол қызметі күшімен ұйымдастырылған уақытша айналма жол ашылды» деп хабарлады компаниядан.