ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - «Самара – Шымкент» тасжолының «Қызылорда – Шымкент» ақылы учаскесінде цемент-бетон плитасы көтеріліп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіде «Түркістан-Шымкент» бағытындағы жолда цемент плитаның көтеріліп кеткендігі туралы видео тарады. Жағдай Төрткөл кенті аумағында орын алған. Жол ортасындағы үлкен плиталар ажырап, көліктердің жүруіне кедергі тудырды.
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева қазіргі таңда «ШымкентЖолҚұрылыс» ЖШС мердігер ұйымы жолды қалпына келтіру жұмыстарын аяқтағанын мәлім етті.
«10 жол қызметкері және 5 арнайы техника (3 самосвал, 1 тиегіш, 1 гидромолот) жұмылдырылды. Қажет жол белгілері орнатылды. Жергілікті полиция патрульдеу жүргізіп жатыр», - деді Ләззат Стамғазиева.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.